Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады деп хабарлады Olympic.kz.
Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова және олардың спаррингтік әріптестері Зәуреш Ақашева, Ескендір Харки, Владислав Захаров және Эрик Райтер Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» олимпиадалық базасында дайындық кезеңін өткізген болатын.
Бүгін олар Қазақстан олимпиадалық командасының сапында Токио қаласына ұшып кетеді.
Токио Олимпиадасында үстел теннисі додасы 24 шілдеде басталып, 6 тамызға дейін жалғасады.
Жекелей сында 65 ер адам және 70 әйел адам сынға түседі. Аралас жұптық сында 16 команда өнер көрсетсе, топтық сында 16 ер, 15 әйелдер командасы Олимпиада жүлдесіне таласады.