Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Бангкокте өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бекмұхамбетова U-13 жас санатында өнер көрсетті.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы төрт рет жеңіске жетті. Ол Таиланд өкілдері Амина Прасонполды – 3:1, Беняфа Сураситті – 3:0 және Наттхапат Лимсирилертті – 3:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ Бекмұхамбетова жапондық Нонока Сузукиді де 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай Тайпейінен келген Йен Пэй Эньмен кездесті. Матч 0:3 есебімен аяқталып, Бекмұхамбетова қола медаль иегері атанды.
Еске сала кетсек, Қазақстандық Жания Бекмұхамбетова Словениядағы үстел теннисі турнирінде жеңімпаз атанған болатын.
Сондай-ақ, Мысырдағы турнирде де жеңіске жетті.
Тағы оқи отырыңыз:
Елена Рыбакина US Open финалына шықты
15 жастағы қазақстандық теннисші Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды