Үштөбедегі зиратты қиратқан күдікті ұсталды

30 Қаңтар 2022, 17:39
1589
Бөлісу:
Үштөбедегі зиратты қиратқан күдікті ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер Үштөбе қаласындағы зираттарды қиратты деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Психикасының бұзылуынан зардап шегетін Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталады. 

Зираттарды қорлау қылмысы 16 қаңтарда орын алғаны анықталды. 14 жерлеу орны бүлінген және қираған, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір кресттер сындырылған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен зираттар қорымның шет жағында орналасқан. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ. 

Күдіктінің 60 жастағы анасы қала тұрғындарынан бала кезінен ауыр психикалық ауытқудан зардап шегетін ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. 

Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы “Тағылық” дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы осыған қатысты ІІМ-ге тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы