Үшбуынды модель. Прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша 191 айыптау актісін сотқа жолдады

15 Сәуір 2022, 12:47
1389
Бөлісу:
Үшбуынды модель. Прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша 191 айыптау актісін сотқа жолдады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдан бастап қылмыстық процеске үшбуынды модель енгізіле бастады. Бұл тәжірибені біз ОЭДҰ елдерінен алдық. Оның негізгі мазмұны, полиция, прокуратура, сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу. Жаңа модель бойынша прокурор фильтрі арқылы 500 мыңнан астам тергеушінің шешімі өтті. Нәтижесі ойдағыдай, тергеу сапасы жақсарып, заңсыз шешімдер саны азайды. Осы жолы 3 буынды модельдің екінші кезеңі басталды. Енді прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін өздері әзірлейді, - деді Шыңдалиев. 

Ол атап өткендей, прокурорлар аса ауыр қылмыс бойынша 191 айыптау актісін сотқа жолдады. 

Енді тергеу аяқталған соң прокурорлар істің барлық материалдарына толық талдау жасайды. Оның нәтижесі бойынша айыптау актісін әзірлеп, істі сотқа жібереді немесе тергеушіге қайта жібереді. Сондай-ақ істі мүлдем тоқтатуы мүмкін. Бұл тәсіл прокурорлардың айғақтарға тәуелсіз баға беруі тетігін күшейтті, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы