Ұшақта гитарасын жоғалтқан Ерлан Көкеев әуе компанияға шағымданды

27 Маусым 2024, 13:28
446
Бөлісу:
Ұшақта гитарасын жоғалтқан Ерлан Көкеев әуе компанияға шағымданды
VIDEO
Фото: instagram.com/yerlankokeyev

Өз кезегінде Air Astana Ерлан Көкеевтің жоғалған гитарасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания атап өткендей, музыкантқа гитараны ұшаққа өзімен алып кіру ұсынылған.

Air Astana әуекомпаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді. Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға “әйнек” белгісін жабыстыруды сұраған. Әуеуомпания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір ғана гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған. Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды. Болмаса Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз. Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы