Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Президент сұхбат барысында тікұшаққа немесе ұщаққа отырып, Қазақстаннан кетуді ұсынған «жолдастары» болғанын айтты. Алайда қандай жағдай болмасын ешқайда кетуді жоспарламадым, елордада соңына дейін болуым қажет деп есептедім деп отыр.
Кез келген төңкерістің мақсаты – билікке мүлдем басқа адамдардың келуі екені белгілі. Өзіме келер болсам, мен сол күндері осы жерде – Президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда шықпадым. Оның үстіне, осы жерде түнедім, басынан бастап астананы тастап ешқайда кетпейтінімді айтқан едім. Кейбір «жолдастар» тікұшаққа немесе ұшаққа мініп, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Мен қандай жағдай болмасын ондай нәрсені жоспарламадым. Соңына дейін осында қалуым керек деп есептедім, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қаңтар оқиғасының тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы айтып, адам өлтіріп, тонағандарды ұлт батырларына айналдырудың қажеті жоқ деген болатын.