Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды, - делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін Стамбұлдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны артқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де Стамбұл әуежайына қолайсыз қону барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан ҚР екі азаматы жарақат алған.