Ұшақта темекі шеккен украиналыққа 150 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

19 Қаңтар 2021, 17:36
1626
Бөлісу:
Ұшақта темекі шеккен украиналыққа 150 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері Украина азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 17 қаңтарында «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілдерімен Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне «Киев-Алматы» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін акт бойынша құқықбұзушы берілді.

Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Украина азаматын анықтады. Ер адам жоғарыда аталған ұшақтың бортында электронды темекі шегіп, ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзған. Полиция қызметкерлері құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - делінген хабарламада.

Өткен жылы еліміздің көлік полицейлерімен әуе кемесіндегі түрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 394 азамат, оның ішінде 34 шетелдік (Канада, Түркия, РФ және т. б.) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, әкімшілік құқықбұзушылық үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 93 млн теңгеден асты.

Өзгелердің жаңалығы