Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифингте Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының жағдайы жайлы айтты.
Ұшақ апатында зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатырмыз. Қазір олардың жағдайы ауыр қалпында қалып отыр. Олар №4 қалалық ауруханада. Біздің дәрігерлер бірінші күннен бері олардың өмірі үшін күресіп келеді әрі қажетті дұрыс медициналық көмек көрсетілді. Қазір құдайдан олардың жазылып кетуін тілейміз. Әзірге жағдайлары ауыр, - деді ол.
Айте кетсек, 13 наурыз күні Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты кісінің төртеуі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілген болатын.