Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үш тоқсанда Қазақстаннан шетелге 550 млрд теңге аударылған

12 Қараша 2020, 15:00
1358
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ.  Ел тұрғындары биылғы үш тоқсанда ақша аударым жүйесі арқылы рекордтық көлемде 550 миллиардтан астам  теңге аударған. Бұл туралы сараптамалық Ranking.kz порталы хабарлады. 

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға жоғары. 

Ақша аударымдарының басым көпшілгі Ресейге тиесілі, отандастарымыз бұл елге 149,5 миллиард теңге аударған. Екінші орында Қырғызстан тұр, бұл елге аударым көлемі екі есе өсіп, 119,3 миллиард теңгені құраған. ТОП-3-ті Өзбекстан түйіндеген, ол елге 112,3 миллиард теңге аударылған.

Халықаралық ақша аударымдарының 80%-ы «Золотая Корона» жүйесі арқылы жасалған. Одан кейін Western Union мен Contact жүйесі тұр.

Өзгелердің жаңалығы