Үш республикалық автожолда ақылы жүйе іске қосылады

"ҚазАвтоЖол" жаңа ақылы жолдар мен жылдамдық шектеулерін жариялады.

 qaj.kz 9 Шілде 2026, 23:37
9 Шілде 2026, 23:37
100
Фото: qaj.kz

Қазақстанда 10 және 11 шілдеден бастап тағы үш республикалық автожол учаскесінде ақылы жүйе іске қосылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

10 шілдеден бастап ақылы режим келесі жолдарда енгізіледі:

"Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал" автожолы. Бұл бағыт бойынша жылдық абонементті Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм және Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Балқаш пен Приозерск қалаларының тұрғындары рәсімдей алады.
"Бұрылбайтал – Құрты" автожолы. Жылдық абонемент Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген жүргізушілерге қолжетімді.
Аталған екі жолда көлік құралдары үшін рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – сағатына 140 шақырым.

Ал 11 шілдеден бастап "Талдықорған – Өскемен" автожолының учаскесі ақылы болады. Жылдық абонементті Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Үржар, Аягөз, Жарма және Ұлан аудандарында тіркелген пайдаланушылар ала алады.
Оқи отырыңыз:
Бата, бесік жыры, жарапазан. Қазақстан қандай ұлттық мұраларды ИСЕСКО тізіміне ұсынбақ

Бұл бағытта I-б санатындағы учаскеде рұқсат етілген жылдамдық 110 км/сағ, ал II санатындағы учаскеде 100 км/сағ болады.

Жүргізушілер абоненттік төлемді kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 1403 байланыс орталығы арқылы, ақы алу пункттерінде немесе клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында рәсімдей алады.

Наверх