Үш қазақстандық боксшы «Странджа» турнирінің финалында жұдырықтасады

26 Ақпан 2022, 19:38
1282
Бөлісу:
Үш қазақстандық боксшы «Странджа» турнирінің финалында жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде бокстан Қазақстан әйелдер командасының үш өкілі финалға шықты.

Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) ақтық сында алтын жүлдеге таласады.

Ал Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы