Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде бокстан Қазақстан әйелдер командасының үш өкілі финалға шықты.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) ақтық сында алтын жүлдеге таласады.
Ал Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанды.