Бүгін, 16 ақпанда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер қалалардағы ауа сапасына болжам жасады.
16 ақпанда Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:
- Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
- Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.