Үш мың ерікті қазақстандық вакцинация салдырды

13 Қаңтар 2021, 18:10
1071
Бөлісу:
Үш мың ерікті қазақстандық вакцинация салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков осылай деді.

Қазір қазақстандық Qaz-COVID-in вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша бірінші, екінші фаза жүріп жатыр. Жақсы нәтиже көрсеткен аралық нәтижелер ұсынылды. Үшінші кезең бойынша 25 желтоқсанда клиникалық зерттеу басталды. 11 қаңтарда тартылған 3 мың еріктінің барлығы вакцинация алды. Қазір олар зерттеушілердің үнемі бақылауында. Әзірге нақты деректер жоқ. Жақында ғана соңғы еріктілерді вакцинациялауды аяқтадық, - деді ол. 

Нұрлыбек Асылбеков сонымен қатар қазір коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға  қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, ақпан айының соңында вакцинаның бір партиясы қолжетімді болуы мүмкін.

«Спутник V» бойынша тәжірибелік партия әзірленді. Бұл тәжірибелі партия технологиялық процеске сәйкес Ресейдегі Гамалея институтына бақылауға жіберілді. Қазір ол әлі өткізілуде. Оның бақылауы мен сапасына жол беретін нормативтік құжаттарға сәйкес, бұл жұмыс бір айға созылуы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін нәтижелер әлі келген жоқ. Вакцинациялау мүмкіндігі бойынша жоспарланған кестеге сәйкес, егер оң нәтиже көрінсе, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде партия әзірленетін болады. Ақпан айының соңына қарай вакцинацияға арналған вакциналар партиясы болуы мүмкін деп үміттенеміз, - деді Асылбеков.

Айта кетейік, бұған дейін кезінде Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын айтып өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы