Үш минуттық неке: Қалыңдық үйленген соң күйеу жігітінің бір ауыз сөзі үшін қайта ажырасты

Бұл оқиға елдегі ең қысқа неке ретінде тіркелді.

 pexels.com Бүгiн 2026, 16:44
Бүгiн 2026, 16:44
300
Фото: pexels.com

Кувейтте қалыңдық күйеуінің бір ауыз сөзіне бола үйленгеннен кейін үш минут өтпей жатып ажырасуды талап етті. Бұл оқиға елдегі ең қысқа неке ретінде тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жас жұбайлар неке қию рәсімінде ант беріп, сақина алмасқаннан кейін залдан шыға бастаған. Сол сәтте келіншек сүрініп кетеді. Бұған күйеуі оны «ақымақ» деп атап, тіл тигізген.

Осыдан кейін қалыңдық бірден ажырасуды талап етіп, оның өтініші сол жерде қанағаттандырылған.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде кең таралып, көпшілік бұрынғы жұбайының әрекетін қолдады.

Егер ол қарым-қатынасты осылай бастаса, онымен бірден қоштасқан дұрыс, – деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Наверх