Үш мегаполисте де бас сәулетші қызметіндегілер сәулетшілер емес

28 Шілде 2022, 18:13
2099
Бөлісу:
Үш мегаполисте де бас сәулетші қызметіндегілер сәулетшілер емес
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Еліміздегі сәулет және қала құрылысының өзекті мәселелері туралы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сарапшылар клубында сәулет саласындағы өзекті мәселелер айтылды. 

Көптеген қалалардың бас сәулетшілері мамандығы бойынша архитекторлар емес. Шымкент, Алматы, Астана үш мегаполисте де бас сәулетші қызметіндегілер сәулетшілер емес. Барлық сәулет пен қала құрылысына қатысты мәселелер осыдан туып отыр. Бұл мәселелерді түсіну керек, ал оны түсіну үшін мұнымен өмір сүру керек, - деді сәулет докторы, ҚР құрметті сәулетшісі Сәрсенбек Жүнісов.

Маман сәулет саласына көңіл бөлінбегендіктен, нағыз сәулетшілерді бас сәулетші лауазымына қоймағандықтан елімізде жиі кездесетін көлік тұрақтарының, жасыл аймақтардың жетіспеушілігі, тұрғын үйлердің тығыз орналасуы сияқты мәселелер шешімін таппай жатқанын айтады.  

Архитектура туралы заңды түзету немесе жаңа заң қабылдауды қажет етеді. Қала құрылысы одағын алып тастады. Кез келген архитектор өзінің әріптестерімен ақылдасып ортақ шешім шығаруға жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін ғана мәселе қала көлемінде шешілуі керек. Ал қазір аяқталмаған жобалар эксплуатацияға жіберіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы