Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Жақын күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бірақ ыстық біртіндеп төмендейді, ауаның ең жоғары температурасы +33...40°С шамасында болады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жарияланды.