Үш күнде полицияға кәмелетке толмаған 420 бала жеткізілді

30 Қаңтар 2021, 23:38
2689
Бөлісу:
Үш күнде полицияға кәмелетке толмаған 420 бала жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 2021 жылдың 27-29 қаңтар аралығында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты, қадағалаусыз және панасыз қалуды болдырмау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс немесе көңіл көтеру орындарында болу жайттарын анықтау. 

Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын, сауда және ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдік темекі өнімдерін сату тұрғысынан сауда нүктелерін тексерді. 

“Жасөспірім” шарасының үш тәулігінде Түркістан облысы ПД ЖПҚ ювеналды полиция инспекторларымен ПБ-ға 420 кәмелетке толмаған бала жеткізілді және 369 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Ата-аналар мен заңды өкілдеріне қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 14 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Іс-шара барысында ювеналды полицейлер түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 310 кәмелетке толмағанды және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түрлі мекемелерде болған сегіз кәмелетке толмағанды анықтады. 

Сондай-ақ жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үш әкімшілік хаттама толтырылып, кәмелетке толмағандардың мас күйінде қоғамдық орындарда болғаны үшін төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқаны үшін 13 адам, жасөспірімдерге темекі сатқаны үшін 10 құқық бұзушы және жасөспірімдердің көңіл көтеру орындарында сағат 22:00-ден кейін болуына жол бергені үшін алты мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ювеналды полицейлер профилактикалық есепке құқық бұзушылыққа бейім 48 кәмелетке толмағанды және 41 қолайсыз отбасын қойды. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары халықтың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ювеналды полиция инспекторлары атап өткендей, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ата-аналар мен ересектерді балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Егер сізге қиын өмірлік жағдайдағы балалар туралы, тұрмысы нашар отбасылар, балаларға қатысты немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпарат белгілі болса, онда “102” телефоны бойынша тез арада полицияға хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы