Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

7 Шілде 2021, 19:13
2497
Бөлісу:
Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-6 шілде аралығында 31 табиғи өрт (18 орман, 13 дала) болды. Оның ішінде 25 өрт ТЖМ, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау, жергілікті атқарушы органдар мен өртке қарсы ерікті құралымдардың, шаруа қожалықтарының күштерімен және құралдарымен сөндірілді.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Өрттің ауданы 5 642 га құрайды. Өрт Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды. Қарағанды облысында 210 бас ірі және ұсақ мал қырылды.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Сонымен қатар, дала алқаптары жанған 56 оқиға тіркелді, оның аумағы 18 446 га құрады.

Қазіргі уақытта ТЖМ бақылауында 6 табиғи өрт және 5 жану тұр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Ақмола облысының Бурабай ауданында 2 оқиға («Бурабай» МҰТП аумағында, Мирное және Ұрымқай орманшылығында) орын алды. Өрттердің көлемі анықталуда, өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттерді сөндіруге ТЖ департаментінен (6 қызметкер және 1 техника), Орман шаруашылығынан (12 қызметкер және 3 техника) 18 адам және 4 техника  жұмылдырылды.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Асубұлақ КШШ аумағында 1 оқиға орын алды. Өрттің алдын ала көлемі 2,6 га құрайды, өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен (7 қызметкер және 2 техника), Орман шаруашылығынан (16 қызметкер), Қазавиаорманқорғаудан (5 қызметкер) 28 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 3 оқиға орын алды (Жангелді және Ақтасты ауылдық округтерінің аумағында алдын ала алаңы 4000 га, Шенбер ауылдық округінің аумағындағы екі учаскеде, алдын ала көлемі 950 және 550 га), өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттерді сөндіруге ТЖ департаментінен (119 қызметкер және 21 техника), ТЖМ 52589 әскери бөлімінен (154 ә/б және 8 техника), ЖАО, ерікті өртке қарсы құрылымдардан (249 қызметкер және 39 техника) 522 адам мен 68 бірлік техника жұмылдырылды. Аумақты әуеден барлау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

Қостанай облысында жалпы 5 оқиға орын алды: 1 - Жангелді ауданында («Алтын дала» табиғи резерватының аумағында, 5 шілдеде сағат 15.20-да оқшауланды, ауданы 190 га), 1 Амангелді ауданында (6 шілдеде сағат 01.45-те оқшауланды, ауданы 430 га), 2 - Наурызым ауданында (мемлекеттік табиғи қорық аумағында, алдын ала аумағы 600 га, Шолақсай ауылынан 6 шақырым жерде 7 шілдеде сағат 08.30-да, ауданы 500 га), 1 - Қарабалық ауданында (Михайловка ОШБ аумағында 6 шілдеде сағат 20.55-те, ауданы 150 га), өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттерді сөндіруге ТЖД (26 қызметкер және 6 бірлік техника), Орман шаруашылығынан (49 қызметкер және 21 техника), ЖАО, ерікті өртке қарсы құрылымнан, шаруа қожалықтарынан (101 қызметкер және 12 техника) 176 адам және 39 техника жұмылдырылды.

Үш күнде елімізде 31 табиғи өрт тіркелді

ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;

- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.

Өзгелердің жаңалығы