«Су ресурстары және қоршаған орта» бойынша жаңа өңірлік жоба іске қосылды

1 Сәуір 2021, 20:30
1716
Бөлісу:
«Су ресурстары және қоршаған орта» бойынша жаңа өңірлік жоба іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстандағы «су ресурстары және қоршаған орта» бойынша бес жылдық өңірлік жобаны іске қосты. 

Бұл жоба Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстанның арасындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық қауіпті азайту мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 

USAID-тің Орталық Азия бойынша директоры Кристофер Эдвардс су ресурстарын басқару өңір үшін басты міндет болып қала беретінін айтады. Су ресурстарын интеграцияланған басқару қағидаттарын енгізген және кіші бассейндік кеңестердің жұмысын іске қосқан Орталық Азиядағы алғашқы ел ретінде Қазақстан су ресурстарын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жақында қабылданған жаңа Экологиялық кодекс елдің қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді. Біз Орталық Азия мен Ауғанстан халқына тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және тұрақты экожүйелерді орнатуға көмектесетін жаңа жоба аясындағы ынтымақтастыққа сенеміз, – дейді Эдвардс.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстары, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Сыртқы істер, Ұлттық экономика, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, су ресурстарын басқару жөніндегі өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғамдастықтың, жеке сектордың, ғылыми және зерттеу институттарының өкілдері қатысты. 

Қатысушылар «су – энергетика – азық-түлік қауіпсіздігі» жүйесіндегі ортақ су ресурстарын басқару бойынша ұлттық және өңірлік мәселелерді талқылады және осы мәселелерді шешуде USAID-тің «су ресурстары мен қоршаған орта» бойынша жаңа өңірлік жобасының маңызды рөлін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы