Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Теннис федерациясының мәліметінше, теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапониялық Ена Шибахара – хорватиялық Мате Павичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-финляндиялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.
Данилина – Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.