Үржар ауданында кәсіпкерлікті дамытуға тегін гранттар беріледі

21 Ақпан 2024, 18:52
2898
Бөлісу:
Үржар ауданында кәсіпкерлікті дамытуға тегін гранттар беріледі
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 25 адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ 29 адамға 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант бөлу жоспарда бар, 45 адам жастар тәжірибесіне, 18 адам алғашқы жұмыс орнына, 19 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі. Бұл  туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.

Уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 312 адам қатыстырылады. "Ұрпақтар келісімі" бағдарламасы аясында 1 адам, ал "Күміс жас" жобасымен 66 адам жұмысқа орналасады.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында 70 қоныс аударғандар мен кадрларды орналастыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы