Жаттығу кезінде белгісіз адамдар спортшылардың бірінің жеке мүлкіне қол салған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті пікір білдірді.
Ұрлық павлодарлық хоккей командасының жаттығуы кезінде орын алған. Белгісіз адамдар киім ауыстыратын бөлмеге еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып, спортшылардың бірінің жеке мүлкін ұрлап кеткен. Бұл туралы дереу полицияға хабарланды. Бірнеше сағаттың ішінде қылмыс ашылып, жақын маңдағы ауданның үш тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - дейді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшысы Елдос Бақбергенов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы, 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы, 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.