Уругвайда жаңа президент сайланды

2 Наурыз 2020, 19:01
1352
Бөлісу:
Уругвайда жаңа президент сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық партия мүшесі Луис Лакалье Поу жексенбі күні ант қабылдап, Уругвайдың жаңа президенті болды. 

Ол Монтевидеодағы Заңнамалық сарайды жергілікті уақыт бойынша сағат 14:06-да ант қабылдады. Осылайша елде 15 жыл бойы билік жүргізген "Широкий фронт" сол партиясының билігі аяқталды.

Инаугурацияны салтанатын сенатор және бұрынғы президент Хосе Мухика жүргізді.

Jose-Mujica-2.jpg

Сонымен қатар, елде алғаш рет әйел адам вице-президент болды. Ол – Беатрис Аргимон.

Өзгелердің жаңалығы