Ұрланған қарулардың көмегімен бейнежазба камераларын жойған - Қилымжанов

7 Қараша 2022, 15:25
1052
Бөлісу:
Ұрланған қарулардың көмегімен бейнежазба камераларын жойған - Қилымжанов

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде не болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиғалар Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алды. Сол күндері қылмыскерлер қаруды қолдану арқылы мақсатты түрде стратегиялық мемлекеттік және азаматтық объектілерді басып алып қиратқан. Оның ішінде әкімдіктер, аэропорттар, полиция ғимаратын және ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, сондай-ақ сауда дүкендері, телеарна мен қару-жарақ дүкендері мен азаматтардың мүліктері бар, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәлімдеуінше, бұл әрекеттердің мақсаты - халық арасында үрей мен қорқынышты туғызу. Оның ішінде жалған ақпарат тарату арқылы елдегі жағдайды тұрақсыздардыруға қол жеткізу болды.

Қатысушылар полиция қызметкерлеріне, қызметкерлерге және қарапайым адамдарға шабуыл жасады. Жолдардың жүру бөлігін жауып тастап, көліктерді өртеді. Азаматтарды қорқыту арқылы жаппай тәртіпсіздікке шақыруға қатысып, тонаушылық жасады. Қылмыскерлер қару дүкендерін тонады. Ұрланған қарулардың көмегімен бейнежазба камераларын жойды, - деді Қимылжанов.

Сонымен қатар Бас прокоратура қаңтар оқиғасының тергеу натижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы