«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық Сыйлығын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

BAQ.KZ  24 Маусым 2021 2021, 18:08
24 Маусым 2021 2021, 18:08
5696

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық сыйлығын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

Биыл бәйгеге алғаш рет қосылған номинацияның иегері «Семей таңы» газетінің редакторы Риза Молдашева атанды.

Жүлдені еліміздің алғашқы Ақпарат министрі, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов табыс етті.

Биыл «Үркер» сыйлығы әдеттегідей 11 емес, 12 номинация бойынша тағайындалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оған «Тәуелсіздікке арналған ең үздік материал» номинациясы қосылды. Республикалық байқауға жалпы саны 340 өтініш келіп түсті.

Риза Молдашева бұл сыйлық өзіне емес, тарихы сонау 1917 жылдан бастау алатын алаш жұртының «Семей таңы» газетіне берілген баға деп атап өтті.

Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін тағайындалады, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған. Осы күнге дейін ұлттық бәйгеге 2830 жоба қатысып, оның 55-і жүлдегер атанды.

Наверх