Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.
«Үркер» сыйлығы әдеттегідей 11 емес, 12 номинация бойынша тағайындалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оған «Тәуелсіздікке арналған ең үздік материал» номинациясы қосылды. Республикалық байқауға жалпы саны 340 өтініш келіп түсті. Солардың ішінде үздік деп танылған жобалар:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал: Риза Молдашева, «Семей таңы» газеті
Жылдың үздік репортажы: Әнуар Абдрахманов, BaigeNews.kz порталы
Жылдың үздік аналитикалық материалы: Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы
Жылдың үздік жаңалықтар порталы: «Inform.kz»
Жылдың үздік газеті: TÚRKISTAN
Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қыдырбек Рысбек, «Aiqyn» газеті.
«Жылдың үздік танымдық материалы»: «Massaget.kz» порталының тілшісі Өмірбек Сансызбаев.
«Жылдың үздік фото материалы»:Мақсат Шағырбаев, «Ньюс рум».
«Радиостанциядағы үздік жоба»: NS радиосы, «Новое утро».
«Жылдың үздік журналы»: «Forbes kz» журналы.
«Жылдың үздік сұқбаты» : «Власть.кз», Тамара Вааль.
«Үкердің арнайы жүлдесі»: «Қазақ радиосы» ұжымына бұйырды.
Жүлдегерлерге 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін тағайындалады, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған.
Осы күнге дейін ұлттық бәйегеге 2830 жоба қатысып, оның 55-і жүлдегер атанды.