Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Үркер-2020» сыйлығын марапаттау рәсімі аясында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтады.
Айта кету керек, биыл байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті.
Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды. 
Әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сонымен, үздіктер қатарында:
1. Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

2. Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

3. Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, «Время» газеті

5. Жылдың үздік сұхбаты:
Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті

6. Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА

7. Радиостанциядағы үздік жоба:
«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
TengriNews порталы

9. Жылдың үздік газеті:
«AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті

10. Жылдың үздік журналы:
«Жұлдыз» журналы

11. Шерхан Мұртаза атындағы номинация:
Қайнар Олжай

12. «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы
«ТАСС» агенттігі – «Үркер» естелік мүсіншесі;

«Kaznews» Моңғолиядағы қазақтілді портал – 1 миллион ақшалай жүлде

13. «Казахстанская правда» газетінің арнайы сыйлығы
Татьяна Костина – ардагер журналист

Ұлттық бәйгенің ұйымдастырушысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.