ҰҚШҰ мүше елдерінің басшылары жүктеген міндеттер орындалды - Қойшығұлов

19 Қаңтар 2022, 14:58
1998
Бөлісу:
ҰҚШҰ мүше елдерінің басшылары жүктеген міндеттер орындалды - Қойшығұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының орынбасары, авиация генерал-майоры Тұралы Қойшығұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифнгте айтты. 

Қазіргі уақытта біз болған оқиғаларға талдау жүргіземіз. ҰҚШҰ туралы шарт ұйымының дағдарыстық жағдайларына ден қою тетіктерін жетілдіру, дағдарысқа ден қою орталығының қызметі, ұйым әскерерін, ұжымдық күштерін, материалдық техникалық және материалдық-техникалық  қамтамасыз етудің жолдары жоспарланды. Болашақта ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс ведомстволарымен бірге бірлескен қызметіміз бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар әзірленеді, - деді Қойшығұлов.

Ол атағандай, ҰҚШҰ мүше елдерінің басшылары жүктеген міндеттер орындалғанын айтты. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі лаңкестікке қарсы күреске қатысқан ҰҚШҰ бітімгерлік күші бүгін ел шекарасынан толық шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы