ҰҚШҰ елдерінің әскерлері Қазақстанда оқу-жаттығу өткізеді

24 Қыркүйек 2022, 10:10
1075
Бөлісу:
ҰҚШҰ елдерінің әскерлері Қазақстанда оқу-жаттығу өткізеді

Қазақстан аумағында ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді. Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен, – деп атап өтті ведомство.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.

Өзгелердің жаңалығы