ҰҚШҰ аясында Қазақстанда Қырғызстан мен Тәжікстанның курсанттары білім алып жатыр

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен жасалған әскери кадрларды даярлау туралы келісім аясында шетелдік әскери мамандар оқытылады.

22 Шілде 2026, 12:03
АВТОР
 ©️ BAQ.KZ / Артем Чурсинов 22 Шілде 2026, 12:03
22 Шілде 2026, 12:03
140
Фото: ©️ BAQ.KZ / Артем Чурсинов

С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери курсанттарын даярлап жатыр. Бұл туралы оқу орны бастығының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бірінші орынбасары Қайрат Серкебаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әскери институттың негізгі міндеті – Қазақстан Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес бакалавриат бағдарламасы бойынша офицерлер даярлау.

Сонымен қатар оқу орнында офицерлердің, сержанттар мен сарбаздардың біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

Қайрат Серкебаевтың сөзінше, институтта ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен жасалған әскери кадрларды даярлау туралы келісім аясында шетелдік әскери мамандар да оқытылады.

Қазіргі таңда аталған келісім аясында институтта Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының курсанттары білім алып жатыр, – деді ол.

Сондай-ақ бірінші орынбасардың айтуынша, институттың 170-тен астам курсанты жақын және алыс шетелдердегі әскери жоғары оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша білімін жалғастырып жатыр.

Наверх