ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

30 Наурыз 2022, 17:55
1208
Бөлісу:
ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қ. ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен «С» деген азаматты ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан  10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн теңгеден асады, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы