Университтер студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндеттеледі - министр

13 Қыркүйек 2022, 12:47
1704
Бөлісу:
Университтер студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндеттеледі - министр

Жоғары оқу орындары студенттерді жатақхана орнымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашқанда немесе лицензия алғанда талап қойылады. Мысалы, 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуге міндетті. Биылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды, - деп түсіндірді Саясат Нұрбек Үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтылмақ.

Жатақхана орнының жетіспеушілігі – күрделі мәселе. Мұны мемлекет оны өз есебінен толық шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлермен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы 6 жылға шарттар береміз, яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін стундеттердің 60-70 пайыз жатақханамен қамтамасыз етеміз, - деді ведомство басшысы.

Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақхана тапшылығына қатысты пікір білдірді.

Өңірлерде 14 мың төсек-орын бос тұр. Алматыда 19-20 мың төсек-орын жетіспейді. Себебі, қалада 35 жоғары оқу орны бар. Студенттердің 70 пайызы басқа өңірлерден келген, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы