Университеттердің 95%-ында антиплагиат жүйесі бар

25 Қаңтар 2023, 12:59
1097
Бөлісу:
Университеттердің 95%-ында антиплагиат жүйесі бар
Фото: ОКҚ

Еліміздегі университеттердің 95%-ында антиплагиат жүйесі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтты.

Ол алдымен шетелдік ЖОО-лармен әріптестік жайында айтып берді.

Білім беру бағдарламаларының 3,2%-ы бойынша «қос дипломды» бағдарламалар, ал 1,6%-ы бойынша шетелдік серіктестік ЖОО-лармен бірлескен бағдарламалар ұсынылып отыр. Оның ішінде техникалық, педагогикалық, гуманитарлық және басқа да бағыттар бар, - деп атап өтті Көбенова.

Сонымен қатар студенттерді сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік ЖОО-ларда оқыту, яғни бір семестр немесе триместр ішінде оқыту мүмкіндіктері де кеңейтілді.

Комитет төрағасының сөзінше, конкурсқа қатысқан түлектердің 44%-ы шетелде оқып келген, ал 11%-ы магистратурада оқуларын жалғастырды. 

Білім беруді цифрландыру көрсеткіштері жақсарып келеді. Қашықтан оқыту қамтамасыз ету бойынша да тұтас экожүйе қалыптастырылған. ЖОО-лардың 90%-ы электронды кітапханалармен, 95%-ы антиплагиат жүйесімен, 98%-ы прокторинг жүйесімен қамтылған, - деп айтты ол брифингте.

Рейтинг нәтижелерімен министрліктің және «Атамекеннің» ресми сайттарында жарияланған ақпаратпен толығырақ танысуға болады. 

Талапкерлер мен олардың ата-аналарына бұл рейтинг өте қажет. Әсіресе университет пен болашақ мамандығын таңдаған кезде қажет болады, - деп түсіндірді Гүлзат Көбенова.

Өзгелердің жаңалығы