UNICEF Talks жастар конференциясы Jastar Üni ұранымен өтті

12 Қараша 2022, 19:21
996
Бөлісу:
UNICEF Talks жастар конференциясы Jastar Üni ұранымен өтті

Jastar Üni ұранымен бүгін Аатанада БҰҰ Балалар қорының public talk форматында ұйымдастырған UNICEF Talks жастар конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференция 1989 жылы Балалар құқығы туралы конвенцияның қабылданған күні жыл сайын 20 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік балалар күнін Қазақстанда мерекелеумен басталды. Қазақстан Конвенцияны 1994 жылы бекітті, сол жылы ЮНИСЕФ қазақстандық балалардың құқығын қорғау жөніндегі өзінің қызметін бастады. 

UNICEF Talks-тің мақсаты – балалар мен жастарға өздерінің мүддесін қозғайтын барлық мәселелер бойынша жеке көзқарастарын еркін білдіру құқығын жүзеге асыру үшін сөз сөйлеуге ашық алаң беру. 

15 пен 24 жас аралығындағы сегіз спикер, мектептер мен университеттер оқушылары өздерінің оқиғаларымен, қазіргі қоғам үшін маңызды проблемаларды жеңудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Алматы қаласының оқушысы, ашық АИТВ-статусымен өмір сүріп жатқан, ол жайлы 6 жасында білген Аида мұндай таңба өмір сүруге қалай кері әсер ететіні, ал кемсітушілік тіпті жақын адамдар арасында да болуы мүмкін екендігі жайлы айтып берді. Стигма тақырыбын «Атамекен» балалар ауылының түлегі, қазіргі таңда журналистика факультетінің студенті Ақмарал жалғастырды.  Балалық шағындағы жағдай, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандықтан ғана балаларды ұрлық жасады деп дәлелсіз кіләлауды Ақмарал есіне алып, біздің қоғамымызда орын алған стереотиптер туралы айтып берді. Қазіргі таңда Ақмарал олармен белсенді түрде күресуде және әлсіз балалардың мүддесі мен құқықтарын қорғауда.   

Өзінің жеке наноспутнигін жасаймын деп шешкен, әрі инженер мамандығын таңдап,  стереотипті ҚазҰУ түлегі Өрісім де жоя бастады. Өз үлгісімен және стратосфераға наноспутнигін ұшыра отырып, Өрісім қыздардың да техникалық мамандықтарға қабілеті ұлдарға қарағанда ешбір кем емес екендігін және мамандық таңдауды гендерлік стереотиппен шектеуге болмайтынын дәлелдеді. 

Көзінің мүкістігі бар жас қыз бала Ақбота өзінің оптимистілігімен, барлық қиындықты жою және мүмкіндіктерінің шектелуіне қарамастан, табысқа жету қабілетімен UNICEF Talks қонақтарына күш-қуат берді. Семей облысындағы ядролық жарылыстардың зардабын шеккен Диана ЮНИСЕФ-тің волонтері болып, мүгедек балалардың қоғамда әлеуметтенуі бойынша халықаралық жоба ұйымдастырды. Жобаның тәлімгерлері  арқасында балалар өз қызығушылықтарын анықтап, өзінің талантын дамыта алады. 

«Біздің үніміз естілуі тиіс!» - деп,  UNICEF Talks-те жоғары сынып оқушылары, белсенділер, Қазақстанның Жастар кеңесі еріктілер қозғалысын құрушылар, Медина мен Фатима өз үндеулерін жасады. 

Өздерінің белсенді қоғамдық қызметімен қыздар балалардың үні естілу құқығын қорғайды, олар балалардың пікірімен санасу керек деген өздерінің позициясын қорғайды. Өзінің пікірін үлкендерге елету үшін Алиханға да күресуге тура келді. Өзінің туған қаласы Қызылжарда оқушы кезінде-ақ, ол пайдалы өзгерістерге қол жеткізді және балаға мейірімді, жайлы қалада тұру құқығын қорғауды жалғастыра берді. 

ЮНИСЕФ-тің ұраны – ештеңе бізсіз біз үшін. Ол балалар мен жастар туралы кез-келген шешімдер, тіпті мемлекеттік деңгейдегілері де ең алдымен балалар мен жастардың мүддесі мен пікірлері ескеріле отырып қабылдануы тиіс дегенді білдіреді. Ол экологиялық саясат болса да, қалалық құрылысты жоспарлау немесе мектептегі тамақтану болса да. Қай жерде болса да, айтарымыз бар. Біз, жастар, болашақта қандай әлемде өмір сүргіміз келетіні жайлы қам жейміз. Біз оны тең құқылы және инклюзивті түрде көреміз. Кез-келген таңбаға, кемсітуге және қудалауға жол берілмейтін әлем ретінде көреміз. UNICEF Talks конференциясында спикерлеріміздің арқасында біз бұл Әлемге – «Ертең» деп аталатын әлемге көз жүгірте алдық. ЮНИСЕФ-пен бірге біз барлық ересектерді Ертеңді күтпеуге, әлемді бүгін-ақ осындай етіп жасауға шақырамыз, - деп ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ізгі ниет елшісі Динара Садуақасова үндеу тастады.

Дүниежүзілік балалар күні – бұл бүкіл әлемді бір мақсатпен біріктіретін күн – әрбір бала қауіпсіздікте өмір сүріп, білім алып, өз әлеуетін жүзеге асыра алуы тиіс. Бұл күні бүкіл әлемде ЮНИСЕФ балалар мен жастардың үні естілуі үшін, олардың пікірімен санасуы үшін оларға көмектеседі. Көбіне балалардың мүддесіне қатысты мәселелер бойынша олардың пікірін білдіру құқығына тиісті назар аударылмайды. Мұнда, UNICEF Talks алаңында бұл құқық жүзеге асырылып отыр. Біздің спикерлер өз идеяларымен бөлісті, ол идеялар қатарластарын шабыттандырады деген сенімдемін, - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Шамамен 200 адам жастар конференциясына келіп, оның интерактивті бағдарламасына қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы