Үндістанның оңтүстік штаттарында соңғы күндері орнаған қатты аптап ыстық салдарынан кем дегенде 37 адам жылу соққысынан қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Андхра-Прадеш штатында бір күн ішінде ондаған өлім тіркелсе, Виджаявада қаласында өлім-жітім көрсеткіші жоғарылаған. Телангана штатында да ыстықтан көз жұмғандар саны артқан.
Метеорологтардың мәліметінше, аптап ыстық алдағы күндері де сақталуы мүмкін. Осыған байланысты билік халыққа күннің ең ыстық уақытында — 11:00 мен 16:00 аралығында сыртқа шықпауға кеңес берді.
Аймақтарда ауызсу мен регидратация ерітінділері таратылып, жедел жәрдем қызметтері күшейтілді. Сондай-ақ ашық ауада жұмыс істейтін адамдар үшін қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілді.
Билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.