Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның әскери атташесі Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығына барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Полковник Дирадж Рамананд орталықтың қызметімен және қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты.
Үндістанның әскери атташесі өткен жылы Үнді тарапының көмегімен жабдықталған Қазақстан-Үндістан бітімгершілік даярлық сыныбының жұмысына ерекше назар аударды.
Қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына Үнді батальоны құрамында қатысып жатқанын айта кеткен жөн.