Үндістанда су тасқынынан 41 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 41 адамға жетті.

24 Шілде 2026, 09:56
АВТОР
 Anadolu Agancy 24 Шілде 2026, 09:56
24 Шілде 2026, 09:56
147
Фото: Anadolu Agancy

Hindustan Times басылымының Ассам штатының Табиғи апаттардың салдарын жою басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы 24 сағат ішінде су тасқынынан тағы 10 адам көз жұмған.

Осылайша, Ассам штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 41 адамға жетті. Табиғи апат салдарынан штаттың 25 ауданындағы шамамен 727 мың тұрғын зардап шеккен.

Ассам штатының бас министрі Химанта Бисва Сарма қазіргі уақытта 100-ден астам адамның хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеп, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты.

Өңірде жалғасып жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына Үндістан армиясы да жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның солтүстігі мен солтүстік-шығысында нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 25 адам қайтыс болып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды.

Наверх