Үндістанда трактор тоғанға құлап, 20-дан астам адам батып кетті

2 Қазан 2022, 15:58
848
Бөлісу:
Үндістанда трактор тоғанға құлап, 20-дан астам адам батып кетті

Үндістанда тоғаннан өтіп бара жатқан трактор құлап, 26 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ТАСС агенттігінің мәлімдеуінше, кем дегенде 26 адам құрбан болып, жиырмадан астамы жарақат алған. 

 Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штанының Канпур округінде орын алған. Тіркемесінде елудей адам болған трактор жүргізушісі рульді басқара алмай, суға құлаған. Құрбан болғандардың барлығы жергілікті храмдағы діни рәсімнен соң үйлеріне бара жатқан қажылар екені белгілі болды. 
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, жергілікті тұрғындар мен полиция құтқару жұмыстарына кірісіп кетті.  

Өзгелердің жаңалығы