Үндістанда тау көшкіні салдарынан 10-нан астам адам мерт болды

21 Шілде 2023, 13:45
845
Бөлісу:
Үндістанда тау көшкіні салдарынан 10-нан астам адам мерт болды

Үндістанның батысындағы лай көшкінінен 13 адам қайтыс болды, тағы 30-ға жуығы жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Mir24tv мәліметінше, таудағы топырақ көшкініне Махараштра штатындағы нөсер жауын себеп болды. Жойқын табиғи апат тау етегінде тұрған ондаған үйді қиратты.

Құтқарушылар 75 адамды үйінді астынан шығарып үлгерді. Ауылдың қол жетпейтін жерде болуы және оған тек тар жаяу жүргіншілер жолының апаруы - оқиға орнына көмекті шұғыл жеткізуді қиындатты. 

Қазір іздеу операциясына Мумбайдан 80 шақырым жерде орналасқан отрядтар қосылды. 

Аймақта әлі де жаңбыр жауады. Метеорологтар жауын-шашынның салдарынан өңірде қауіптің қызыл деңгейін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы