Үндістанның Керала штатындағы Кочин қаласындағы университетте музыкалық фестиваль кезінде адамдар тапталып қалып, төрт адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, оқиға кеше кенеттен нөсер жауған кезде болған. Фестивальге қатысушылар университет залдарының біріне баспалдақпен көтерілгенде адамдар тапталып қалған.
Төрт студент, оның ішінде екі ұл және екі қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды агенттік штаттың денсаулық сақтау министрі Вена Джордждың сөздеріне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 60-тан астам адам ауруханаға жеткізілген. Тағы төрт студенттің жағдайы ауыр екені атап өтілді.