Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үндістанда лаңкестік шабуылдан 27 адам қаза тапты

22 Сәуір 2025, 22:24
631
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Бүгін, 22 сәуірде Үндістанның Кашмир өңірінде болған лаңкестік шабуыл салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ News18 India басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Кашмирдің оңтүстігіндегі Пахалгам аймағындағы Байсаран алқабында орын алған. Лаңкестер тобы туристер мен бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, соның салдарынан 27 адам мерт болып, бірнеше адам жараланды.

Шабуылды "Лашкар-е-Тайба" ұйымымен байланысы бар террористік топ жасағаны хабарланды.

Қаза тапқандардың қатарында шетел азаматтары, әйелдер және қарт адамдар да бар. Куәгерлердің айтуынша, шабуыл кезінде әскери форма киген екі лаңкес бейбіт тұрғындарға оқ атқан.

Шабуыл үшін жауапкершілікті Үндістан аумағында танылған "Қарсыласу майданы" (The Resistance Front) ұйымы өз мойнына алған.

Өзгелердің жаңалығы