Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны артып барады

11 Сәуір 2021, 00:28
1241
Бөлісу:
Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны артып барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 1 күнде 145 мыңнан астам адам дертке ұшыраған. Көз жұмғандар саны да рекордты деңгейге жетті. Соңғы 1 күнде 800-дей адам қайтыс болыпты. Осыған байланысты, Махараштра  штатында локдаун жарияланған. Елдегі ең ірі қала Мумбаи көшесі босап қалды. Мейрамханалар, дүкендер мен сауда орталықтары жабылды.

Сарапшылардың айтуынша, індеттің өршуіне бетперде кию, арақашықтық сақтау сияқты талаптардың орындалмауы себеп.

Карантин енгізілген соң көшедегі адамдар саны жартылай қысқарды. Тұрғындар азық-түлік алу үшін шығады, бірақ полиция бәрін қадағалап жүр, – Мумбаи қаласының қамқоршы-министрі дейді Аслам Шайх.

Өзгелердің жаңалығы