Үндістанда 60 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

Үндістанда 60 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады
815

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз себептермен 60 жолаушысы бар автобус жолдан арыққа ұшып кетті. Апат салдарынан 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Zeenews хабарлайды.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында автобус жол бойындағы арыққа ұшып кетті, нәтижесінде 30 жолаушы жарақат алып, 10 адам қайтыс болды.

60 жолаушысы бар автобус Пинахаттан Аграға Этавадағы Лакхна ғибадатханасына бара жатқан. Әзірге апаттың себептері белгісіз.

Бұған дейін, Индонезияда автобус жартастан құлап, ондаған адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Түркияда да дәл осындай жол-көлік оқиғасы туралы хабарланды. Онда мектеп автобусы жартастан құлап, балалар қаза тапқан.


Фото: ашық дереккөз