Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді

23 Шілде 2021, 17:04
2909
Бөлісу:
Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанай қаласында тойланды.

Таңғажайып Тәж-Махал орналасқан Үндістан ежелгі мәдениетімен, дара өркениетімен, әдебиетімен, классикалық музыкасымен және теңдессіз би өнерімен табындырады. Бұл елде мекендейтін түрлі халықтардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын таңбалайтын жәрмеңкелер мен түрлі фестивальдар көп. Үндістан мемлекетінің тілдері, ұлттық киімдері мен тағамдары да назар аударарлықтай ерекше. Бұл әртүрлі дәстүрлердің жанаса өмір сүруінің айқын көрінісі.

Үндістан мен Қазақстан көп ғасырлардан керуен тартып келе жатқан ортақ мәдени мұраға ие. Осынау ежелден жалғасқан тығыз байланыстарды нығайту қажеттілігін түсіне отырып, 1994 жылы Алматыда Үндістан Елшілігінің жанындағы Үнді мәдени орталығы ашылған болатын. Оның түп мақсаты - мәдени және академиялық байланыстарды құру, жандандыру әрі нығайта түсу, салмағын арттыру. Екі ел арасындағы өзара түсіністік аса маңызды. Орталық 2007 жылы Үндістан Елшілігі Алматыдан Астанаға қоныс аударған кезде бірге көшті, - деді елшілік өкілдері.

Бұл орталық 2018 жылы мамырда Свами Вивекананда мәдени орталығы болып өзгертілді.

Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді

Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) - мәдени және академиялық бағдарламалар, Үндістандағы үздіксіз білім беру стипендиялары сияқты әр түрлі іс-шаралар арқылы Үнді түбегіндегі бұл елдің бай әрі сан алуан бірегей мәдениеті туралы хабардар болуға бағытталған. Қазақстандық студенттердің үнді классикасы, халықтық билері мен музыкасын үйренуге деген қызығушылығы зор, сол арқылы Үндістан мен Қазақстан арасындағы рухани жақындастықты орнатып, мәдениеттің алтын көпірін нығайта түсері анық.

Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы Үндістанның тәуелсіздігі мен мәдени мұрасының 75 жылдығын атап өтіп келеді. Сонымен қатар Қазақстандағы India@75 бағдарламалар сериясы арқылы адамдар арасындағы байланыстарды насихаттайды.

Қостанайдағы Shakti Dance тобының шақыруымен 2021 жылдың 21-23 шілде аралығында Свами Вивекананда мәдени орталығының үнді биі мен музыкасының мұғалімдері - Катхак биінің мұғалімі Трипти Санвал ханым үндінің классикалық биі Катхакта (Тарана биі) ,Үнді халық билерінен, Болливуд билерінен шеберлік сабақтарын өткізді. Бұған осы бидің техникалық негіздері, аяқ қимылдары, бұрылыстар енгізілген. Музыка мұғалімі Правин Кумар Дубей мырза үнді музыкасымен осы іс-шараны қорытындылайды, - деді елшілік.

Айта кетейік, бұл мәдени іс-шаралар COVID-19-ға байланысты санитарлық ережеге сай арақашықтықты сақтап, өткізіліп келеді.

Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы Қостанайдағы Shakti Dance тобына тамаша мүмкіндігі үшін зор ризашылық білдіреді және келешекте ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үмітті екендерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы