АӨСШК-тің жаңа төрағасы атанған Қазақстанды Үндістан министрі құттықтады

25 Қыркүйек 2020, 15:01
2044
Бөлісу:
АӨСШК-тің жаңа төрағасы атанған Қазақстанды Үндістан министрі құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Сыртқы істер министрі Қазақстанды АӨСШК-тің жаңа төрағасы ретінде құттықтады. Бұл туралы Қазақстандағы Үндістан елшілігі хабарлады.

Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің арнайы жиналысына қатысып, Қазақстанды АӨСШК-нің жаңа төрағасы ретінде құттықтады.

Сөзімді Қазақстанды АӨСШК төрағасы ретінде құттықтаудан бастағым келеді. Сонымен қатар біз қызметінен кетіп жатқан Тәжікстан төрағасы көрсеткен басшылыққа қошемет білдіреміз. Біз Қазақстанның және оның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АӨСШК арқылы Азиядағы плюралистік ынтымақтастық тәртібі идеясын дамыту туралы көзқарасын білеміз. Бұл өте - маңызды, - деді Үндістан Сыртқы істер министрі.
Ол Үндістанның Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу жөніндегі АӨСШК бастамаларын қолдайтындығын алға тартты. 
Үндістан АӨСШК шеңберінде COVID-19 пандемиясына жауап ретінде пікір, тәжірибе алмасуға және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын анықтауға деген ниетін жоғары бағалайды. Пандемиямен ұлттық деңгейде күресіп жатқан Үндістан АӨСШК-те және одан тыс жерлерде серіктес елдердің күш-жігеріне, соның ішінде 150 елге дәрі-дәрмек жеткізуге, шетелде жедел әрекет ету топтарын орналастыруға және гуманитарлық көмек көрсетуге өз үлесін қосты. Әлемдік қауымдастық осындай пандемияға дайындық және оған жауап беру үшін аймақтық және халықаралық архитектураны жақсарту туралы ойлануы керек. Біз АӨСШК-тің кез келген ынтымақтастық бастамасына қатысамыз, - деді министр Субраманьям Джайшанкар.

Сонымен қатар ол терриризм мәселесіне тоқтала кетті.

Терроризм әлем үшін маңызды мәселе болып қала береді. Лаңкестік топтарға және олардың паналаушылықтарына қаражаттың ауысуына ықпал ететін терроризмді қолдайтын және қамтамасыз ететін құрылымдар біздің өңірде өмір сүруін жалғастыруда. Біз терроризмге қарсы күрес барлық елден күшейтілген міндеттемелер мен күш-жігерді талап етеді деп санаймыз, - деп атап өтті министр.

Өзгелердің жаңалығы