Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирде тағы атысты

14 Қараша 2020, 13:40
1524
Бөлісу:
Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирде тағы атысты

Алматы, BAQ.KZ.  Кашмирдегі екі ел әскерилері арасындағы атыс жұма күні бақылау сызығы маңында болған. Екі жақтан да құрбандар бар. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Үндістан құрлық күштері өкілінің мәліметінше, атыс салдарынан үш әскери мен үш бейбіт тұрғын қаза тапқан. Оған қоса үш жауынгер мен екі бейбіт тұрғын жарақат алған.

Пәкістан Қарулы күштері таратқан мәліметте атыстан елдің бейбіт тұрғыны қаза тауып, тағы үшеуі жараланғаны айтылған. 

Кашмирдегі бақылау сызығы бойында соңғы кездері екі ел әскерилері арасында атыс жиілеген. Тараптар атысты тоқтату келісімін бұзғаны үшін бірін-бірі кінәлауда.

Өзгелердің жаңалығы