Үндістан мен Қазақстан қорғаныс ынтымақтастығын кеңейтуді талқылады

16 Қазан 2020, 13:50
1456
Бөлісу:
Үндістан мен Қазақстан қорғаныс ынтымақтастығын кеңейтуді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан мен Қазақстан «Үндістан әлемге ашық, Үндістан мен Қазақстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы: вебинар және көрме» тақырыбында вебинар өткізді. Ол FICCI арқылы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлады Үндістанның Қазақстандағы елшілігі. 

Семинар қорғаныс өнімдерінің экспортын ұлғайту және алдағы бес жылда 5 млрд АҚШ долларына жету мақсатын көздеген шаралардың  жалғасы.

Екі елдің елшілері мен Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары бірлескен даму мен өндіріс үшін ғана емес, сонымен қатар, әр тараптың талаптарын қанағаттандыру үшін де мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігі туралы айтты.

ундик1.jpeg

Онлайн шараға L&T Defense, Ashok Leyland Limited, Bharat Forge, Zen Technologies, Elcom Innovations, Hindustan Aeronautics Limited, Alpha Design Technologies және Bharat Electronics Limited сияқты әртүрлі үнді компаниялары қатысты.

Вебинар аясында артиллериялық жүйелер, радарлар, қорғалған көлік құралдары, зымырандар және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары, оқыту шешімдері және өзге де негізгі платформалар мен жабдықтар бойынша компаниялар мен өнімдердің тұсаукесері өтті.

ундик2.jpeg

Айта кетейік, вебинарға 350-ден астам адам қатысты. Expo аумағында 39 виртуалды көрме стенді қойылды, оның ішінде қазақстандық компаниялардың 7 стенді бар.



Өзгелердің жаңалығы