Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі.
Оқи отырыңыз:
Израиль президенті Реувен Ривлин де Елбасының сауығып кетуін тіледі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек айығып кетуін тілеймін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары, ол қарым-қатынас жалғасын табады деп ойлаймын, - деп жазды Ривлин.
Үндістанның премьер-министрі де шетте қалған жоқ.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Денсаулығы зор болсын. Біз стратегиялық әріптесіміз - Қазақстанға пандемияны жеңу бойынша қолдау көрсетіп жатырмыз, - деді Нарендра Моди.